» » 24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді

24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді

Наурыз мерекесі қарсаңында  қалалық мәдениет сарайында жас жыршылар тәулік бойы кезек-кезек қиссалар мен дастандар, терме, халық композиторларының шығармаларын орындады. Жыраулық дәстүрді дәріптеуге арналған ауқымды жиын «Ер Едіге» жыр мектебінің  бастамасымен жүзеге асты. 24 сағат бойы жырмен көмкерген 36 жыршының өнерін Азия мен Африка елдері бойынша халықаралық  GBR  сарапшылары бақылап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайыстың басты шарты – домбырасын қолға алып ортаға шыққан жыршы бір сәт те тоқтамауы керек. Жиналған көпшілік осы өнер мерекесін өңірде үзіліп қалған жыраулық дәстүрді қайта жаңғыртудың үлгісі деп бағалап, сахнаға шыққан орындаушыларды жігерлендіріп отырды.
Өнер  көрсеткендердің арасынан «Қырымның қырық батыры», «Пайғамбарлар қиссасы» сияқты ұзақ дастандарды бірнеше сағат мүдірмей жырлаған талантты жастар ерекше көзге түсті.
«Сахнаға шыққандардың орындаушылы өнері де әртүрлі болды. Кейбірі 20-40 минут арасында қысқа толғауларды орындаса, кейбірі 3-4 сағатқа дейін дастандарды тоқтаусыз жырлады. Бұл жерде қатысушыларға еш шектеу қойылмады. Барлығына сахна киімі, дауыс ырғағы, ұлттық аспаппен жырдың мақамын бұзбай орындау сиқты ортақ талаптар қойылды», дейді «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин.
Ақтөбе облысы.  
19 наурыз 2026 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30