» » ЖАҢАРУ КҮНІ - ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

ЖАҢАРУ КҮНІ - ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ


Көктемнің шуағымен бірге келген әз Наурыз – табиғатпен қатар, адамзаттың да жаңаратын кезеңі. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған Наурызнама онкүндігі аясындағы 19 наурыз – «Жаңару күні» осы ізгі дәстүрлердің жарқын көрінісіне айналды.

Осыған орай бүгін аудан аумағында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық шарасы ауданның барлық елді мекендерін қамтып, оған мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.

Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаштар әктеліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жаңару күні аясында аудан тұрғындары туған жердің тазалығы мен көркеюіне белсенділік танытты. Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға оң ықпал ететін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 наурыз 2026 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031