» » БАЙҚОҢЫРДА ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫРДА ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Қызылордада партияның Байқоңыр филиалы Наурызнама онкүндігі аясындағы ерекше күндердің бірі – Жаңару күніне орай «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасының аумағында жүргізді.

Медицина қызметкерлері үшін тазалық – күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігі. Сондықтан сала өкілдері «Таза бейсенбі» акциясына ерекше жауапкершілікпен қарап, үлгі боларлық белсенділік танытты. Адам жанына араша түсіп жүрген ақ халаттылар «Таза әрі ұқыпты орта – науқастардың сауығуына да оң әсер етеді», - дейді.

Акцияны ұйымдастырушы «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетовтың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Жаңару күні – Наурызнама онкүндігі аясындағы ерекше күндердің бірі. Бұл күн – тазалыққа, ізгілікке және жақсы өзгерістерге ұмтылудың белгісі. Сондықтан бүгінгі экологиялық акцияның дәл осы күнмен тұспа-тұс келуі үлкен мағынаға ие. «Таза бейсенбі» – бұл тек бір күндік шара емес, ол тұрғындардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттырып, ортақ жауапкершілікті нығайтатын маңызды бастама. Әр азамат өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, қаламыздың келбеті одан әрі көркейе түседі»,- дейді ол.

Осындай игі шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру көзделеді. Жаңару күнімен тұспа-тұс келген бұл акция – тек табиғатты емес, адам санасын да жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.

«Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, әрбір азаматты ортақ іске жұмылдыруға өз септігін тигізе беремек.
19 наурыз 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930