» » Референдум: Ардагерлер белсенділік танытуда

Референдум: Ардагерлер белсенділік танытуда

Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицей базасында жұмыс істеп жатқан №99 референдум учаскесінде дауыс берушілердің белсенділігі байқалды. Саяси науқанға жауапкершілікпен қараған тұрғындардың қарасы қалың. Олардың қатарында еңбек ардагерлері де көптеп кездесуде.
Жосалы кентінің тұрғыны, еңбек ардагері Қалдыбек Игісінов референдум учаскесіне келіп, мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды шешім болып табылатын саяси науқанда өз таңдауын жасаған ардагердің бірі.
-Жасым сексенге келсе де, елдегі тағдыршешті мәселелерден қалыс қалып көрген емеспін. Мұндай сәтте әрбір жанның белсенділігі маңызды рөл атқарады деген ойдамын. Қазақстан халқы бұл науқанды да ойдағыдай атқарып, ауызбірлік танытарына сенімім мол, - дейді қарт дауыс беруші.
15 наурыз 2026 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30