» » Аудан прокуроры референдумда өз таңдауын жасады

Аудан прокуроры референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдумда аудан тұрғындары белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында аудан прокуроры Нұрбек Келсімұлы да бар.
Аудан прокуроры №94 сайлау учаскесіне келіп, референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол мұндай маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті. Нұрбек Келсімұлының айтуынша, референдум – халықтың пікірін білдіретін маңызды демократиялық құрал. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат дауыс беруге келіп, өз таңдауын жасауы қажет.
– Бүгін біз еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын күн. Осындай тарихи сәтте әр азамат белсенділік танытып, өз дауысын беруі тиіс деп есептеймін. Бұл – мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосудың бір жолы, – деді ол.
Осылайша, аудан прокуроры да референдумға қатысып, өз азаматтық позициясын білдірді. Қазіргі уақытта №94 сайлау учаскесінде дауыс беру үрдісі қалыпты жағдайда өтіп, тұрғындар белсенді түрде қатысуда.
15 наурыз 2026 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031