» » ЕЛ КЕЛЕШЕГІН АЙҚЫНДАҒАН КҮН

ЕЛ КЕЛЕШЕГІН АЙҚЫНДАҒАН КҮН

6 қазанда бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум өтті. Онда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс берді. Нәтиже бойынша қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.
Бірінші кезекте өңірлердің белсенділігі қалай болғанын айтпай кетуге болмас. Орталық референдум комиссиясының дерегінше, дауыс беруде ең белсенді болған өңір – Қызылорда облысы – 82,48 пайыз. Бұл республика бойынша рекордты көрсеткіш саналады. Осы тұста шетелдегі қазақстандықтар да белсенді болып, елшіліктер жанынан ашылған учас- келерде дауыс бергенін тілге тиек ете кетейік.
Ауданымыз да бұл маңызды таңдауда белсенділік танытты. Жалпы аудан бойынша 35 референдум учаскесі жұмыс істеді. Бұл науқанда 50 450 сайлаушы өз дауыс беру құқығына ие болды. Аудан тұрғындары таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беруге қатысып, өз азаматтық позицияларын білдірді. Сондай-ақ алғашқы болып дауыс берген азаматтарға және ең жас дауыс берушіге арнайы сыйлықтар табысталды.
Референдумда алғашқылардың бірі болып келген ауданның Құрметті азаматы, 90 жастағы Жақсылық Жалғасбаев No103 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.
– Еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жаса- дым. Халқымыз оң өзгерістер күтеді. Мемлекетімізде тек бейбітшілік пен татулық орнасын. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын! – деп қазыналы қария ақ батасын берді.
Сонымен қатар, елеулі күнде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беру процесі барынша қолайлы ұйымдастырылды. Олар референдумға қатысу үшін арнайы инватакси қызметін тиімді пайдаланды. Ел үшін маңызды болған таңдауда бір көшенің тұрғындары ұйымшылдықпен ұлттық киім киіп келіп, өз таңдауларын жасады. Мұндай қолдаулар ауылдық елді мекен ұжымдарынан да көрініс тапты. Бұл олардың ұлттық дәстүрлерге деген құрметін және ел болашағына деген жауапкершілігін айқын көрсетті. Мұнан өзге Қуаңдария ауылдық округіндегі No111 референдум учаскесінде 20/19 әскери бөлімінің «Қуаңдария» бөлімшесінің сарбаздары да маңызды науқанда дауыстарын берді.
Ал аудандық ауруханада ем алып жатқан науқастар үшін арнайы мобильді дауыс беру жәшігі ұйымдастырылып, олардың да референдумға қатысуы қамтамасыз етілді. Науқастар өз таңдауын жасай отырып, Қазақстанның болашағына деген сенімдерін білдірді.
Айта кетейік, референдум күні Жосалы кентінде No1 және No2 кентішілік маршруттар жолаушыларды тегін тасымалдады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 қазан 2024 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031