» » 18 жастағы Нұрділдә Үміткәрім алғаш рет дауыс берді

18 жастағы Нұрділдә Үміткәрім алғаш рет дауыс берді


Референдумда аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында 18 жасқа енді ғана толған Нұрділдә Үміткәрім де бар. Жас сайлаушы референдумға алғаш рет қатысып, №97 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.


Оның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау мүмкіндігі – үлкен жауапкершілік.


– Бүгін мен алғаш рет дауыс бердім. Бұл мен үшін ерекше әрі маңызды сәт. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын, – деді Нұрділдә Үміткәрім.


Жас сайлаушының айтуынша, мұндай саяси науқандар жастардың ел өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Сондықтан ол өз құрдастарын да қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шақырды. Осылайша, Нұрділдә Үміткәрім референдумда алғаш рет дауыс беріп, өз азаматтық ұстанымын білдірді.
15 наурыз 2026 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031