» » Меруерт тұңғыш рет дауыс берді

Меруерт тұңғыш рет дауыс берді


Кенттегі №105 мектепте орналасқан №98 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген 18 жастағы Меруерт Шахмаранова өз таңдауын жасап, алғаш рет дауыс берді.
– Жасым 18-де. Әне-міне дегенше сайлауға келіп, алғаш рет дауыс беріп отырмын. Бұл – әрі қызық, әрі өмірімдегі бірінші таңдауым. Сол үшін мұндай маңызды шараға ерте келдім. Сайлауға келіп, жарқын болашақ үшін дауыс беру – әрбір азаматтың міндеті, – деді ол.
Ал өз кезегінде сайлау учаскесінің мүшелері сайлауда алғаш рет таңдау жасаған Меруертке сый-сияпат жасады.
Еске сала кетейік, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 7.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.
Айнұр ӘЛИ
10 қаңтар 2021 ж. 1 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930