ІІІ Интернационалдықтар ел болашағы үшін таңдау жасауда
Көп ұлтты достығы жарасқан ауылда сайлау науқаны мереке ретінде өтеді. Ашылу салтанатында учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы А.Әділбаев сөз сөйледі. Одан кейін ауылдық округі әкімі Нұрлыбек Сайымов және ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұхтаров бүгінгі күнге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар арнайы шақырылған ең алғаш рет дауыс беруші ең жас сайлаушы 2002 жылы туылған 18-жастағы Әлтаев Оспанға сөз берілді. Дәстүр бойынша Оспанға және бүгінгі сайлауда бірінші болып дауыс берген Оспанның ата-аналарына учаскелік сайлау комиссиясы сый-сияпат жасады.
Сонан соң Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, дауыс беру ашық деп жарияланды. Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталған.
Рима ТҰРМАНОВА