» » Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Баршаңызды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ақ жаулықты әже, асыл ана, аяулы аруларымыздың төл мерекесі. Сондықтан бұл мерекені мейірім мен сұлулықтың күні деп қабылдаймыз.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үмітіміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді арнаймыз.
Әйелдер қауымы қашанда отбасының ұйытқысы және береке-бірліктің бастауы екені сөзсіз. Сіздер ұрпақ тәрбиелеу арқылы тұтас ұлтты тәрбиелейсіздер. Сол арқылы елдің болашағын қалыптастыруға тікелей үлес қосып келесіздер.
Бүгінде нәзікжандылар отбасылық құндылықтарды сақтаумен бірге, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қызмет секілді барлық салада өте белсенді. Соған сәйкес, қоғамда әйел азаматтардың рөлі айтарлықтай арта түсті.
Киелі ауданымызда да кез келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі айқын аңғарылып келеді.
Осы тұста қасиетті Қармақшы елінің жеңістері мен жетістіктеріне әйелдердің де сіңірген еңбегі орасан екенін ерекше атап өткім келеді.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!
Құрметпен,
аудан әкімі Жандос Еркінбек
08 наурыз 2026 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930