Топ-баннер
» » ӨЛЕҢГЕ ӨРІЛГЕН ӨНЕР

ӨЛЕҢГЕ ӨРІЛГЕН ӨНЕР

Кент кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Әбілахат Жанәділовтің 100 жылдығына арналған «Артына өшпес мұра қалдырған» атты поэтикалық марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тағылымды шараға С.Есқараев атындағы №27 мектептің 5-сынып оқушылары қатысып, ақын мұрасын ұлықтауға өз үлестерін қосты.
Кеш шымылдығы ақын рухына тағзым етуден басталды. Ұйымдастырушылар Әбілахат Жанәділовтің өмір жолы, шығармашылық белестері туралы мазмұнды баяндама жасап, оның қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталды. Ақынның елдік пен ерлік, адамгершілік пен адалдық тақырыптарын арқау еткен жырлары бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоймағаны ерекше атап өтілді.
Поэтикалық марафон барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы, ойға терең өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Әрбір бала өлеңді тек жатқа айтып қана қоймай, оның мазмұнын, ішкі сезімін жеткізуге тырысты. Сахна төрінде орын алған жас оқырмандардың шынайы ықыласы мен ерекше толқынысы кештің мазмұнын аша түсті.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Шабытты жырдың иесі» атты кітап көрмесі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрмеге ақынның түрлі жылдары жарық көрген жинақтары, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар, сондай-ақ ақын туралы естеліктер қойылды. Көрмемен танысқан оқушылар ақын шығармашылығының тереңдігіне қанығып, оның өмір жолы туралы тың мәліметтер алды. Кітапхана қызметкерлері әр туындының жазылу тарихына қысқаша тоқталып, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Поэтикалық марафонға белсене қатысып, ерекше өнер көрсеткен оқушылар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Күлшара Қаниеваның Алғыс хатымен марапатталды. Марапаттау сәті кештің ең әсерлі кезеңдерінің бірі болды. Мұндай қолдау олардың алдағы уақытта да әдебиетке, өнерге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
«ҚТ» ақпарат
06 наурыз 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031