» » Өмірді өлеңімен өрнектеген

Өмірді өлеңімен өрнектеген



Қармақшы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ балалар жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай, «Өмірді өлеңімен өрнектеген» атты поэзия кеші өткізілді. Кешке А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 7«б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Каракаева Жазира, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Каналиева Жулдызайлар қатысты. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан бейнеролик көрсетілсе, оқырмандар ақын өлеңдерін жатқа айтып, өздерін көрсете білді. Қазақтың қара домбырасын қолға алған 6 сынып оқушысы Мұхтар Бексұлтан Құрманғазының «Балбырауын» күйін тартып өз өнерін паш етті.
«Қазақ поэзиясының пырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ақынның қанатты сөздері туралы бейнеролик көрсетіліп оқырман назарына ұсынылды. Кеш соңыңда поэзия кешіне қатысқан оқырмандар Қармақшы ОКЖ директоры К.Қаниеваның Алғыс хатымен марапатталды.
27 ақпан 2025 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 113
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 700

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031