Топ-баннер
» » РУХАНИЯТ ТӨРІНДЕГІ СЫРЛЫ КЕШ

РУХАНИЯТ ТӨРІНДЕГІ СЫРЛЫ КЕШ


Жақында «Руханият орталығындағы» аудандық кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали – жүректерде мәңгі өшпес жыр» атты поэ зия кеші өтті. Тағылымды шара ақын мұрасын насихаттауға, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталды.
Кеш барысында ақын поэзиясының тереңдігі мен өміршеңдігі кеңінен сөз болды. Мұқағали жырларын оқыған сайын оның өмірлік ұстанымы, адамға деген сүйіспеншілігі, шынайы болмысы айқын сезіледі. Ол қандай тақырыпта қалам тербесе де, өз сезімін бүкпесіз жеткізеді. Ақын өлеңдерінен сағыныш, аңсау, қуаныш, мұң, өкініш секілді адам жанына жақын сезімдер анық байқалады. Сондықтан да оның жырлары оқырман жүрегінен орын алып, әр буынның жан дүниесімен үндесіп келеді.
Поэзия кешіне кенттегі №26, №250 мектеп лицейі, №121,183,105 және №30 мектептердің 3, 5, 6, 7, 10-сынып оқушылары қатысты. Жас оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олардың әрқайсысы Мұқағали жырла ры арқылы өз сезімдерін жеткізіп, поэзияға де ген сүйіспеншіліктерін танытты. Ақынның әрбір шумағы тыңдарманын жігерлендіріп, болашаққа сеніммен қарауға үндейді. Расында да, оның өлеңдері тұңғиық өзендей терең әрі әсерлі.
Іс-шара барысында аудандық Жыраулар үйінің қызметкері Руслан Өтегенов ақынның «Аңғал досым-ай» және «Қайран жеңгем» әндерін орындап, кештің мазмұнын аша түсті. Ән арқылы көрермен қауым ақын шығармашылығының тағы бір қырын сезінді.
Кеш соңында аудандық кітапхананың дирек торы Күлшара Бөгенбайқызы сөз сөйлеп, поэзия кешіне белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыстады. Ол өз сөзінде Мұқағали жырларының тәрбиелік мәніне тоқталып, жас ұрпақты кітап оқуға, поэзияны сүюге шақырды.
Мұқағали – бір дәуірдің ғана емес, барша қазақтың жүрегінен орын алған ақын. Оның мұрасы уақыт өткен сайын жаңғырып, жас буынмен бірге жасай бермек.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
18 ақпан 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 457
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728