» » МҰҚАҒАЛИ - ЖҮРЕКТЕРДЕ МӘҢГІ ӨШПЕС ЖЫР

МҰҚАҒАЛИ - ЖҮРЕКТЕРДЕ МӘҢГІ ӨШПЕС ЖЫР

Қазақ поэзиясының алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұқағали - жүректерде мәңгі өшпес жыр» атты поэзия кеші өткізілді.
Кештің мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқырмандарды әдебиетке, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің, Т. Көмекбаев атындағы №250 мектептің, Ә.Егізбаев атындағы №121 мектептің, О.Шораяқұлы атындағы №30 мектептің, Ү.Томанов атындағы №183 мектептің, А.Жанпейісов атындағы №105 мектебінің оқушылары ақынның жүрекке жылы өлең шумақтарын оқып, жыраулар үйінің қызметкері Өтегенов Руслан ақынның "Аңғал досым ай", "Қайран жеңгем" атты өлеңдерін нақышына келтіре орындады.
Кеш соңында кітапхана директоры сөз сөйлеп, поэзия кешіне белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыстады.

13 ақпан 2026 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930