» » Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

qarmaqshy-tany.kz Ү.Томанов атындағы No183 орта мектепте ақиық ақын, артына өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ақын өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен мектеп кітапханашысы Ж.Құсайынованың бірлесе ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды сағат өткізілді.
«Бүгін менің туған күнім» атты өлеңімен ашылған іс-шарада аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері мәнерлеп жатқа оқылып, «Менің анкетам» тақырыбындағы өлеңі және ақынның өмірі мен шығармашылығынан көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында оның әр ісін аңыз қылып айтып, естелік жазғандар жайлы сөз қозғалды. Талант иесінің көптеген өлеңіне ән жазылып, сахна төрінде шырқалып жүргені анық. Осы әдеби сазды сағат барысында да Мұқағалидің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» атты әндері орындалды.
«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» деп, болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, аталмыш шарада оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы талантын шыңдауына арқау болды. Ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың есінде мәңгі сақталады.
Ш.БОЛАТҚЫЗЫ,
мектеп мұғалімі
12 ақпан 2023 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930