» » АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕ АЛЫНДЫ

АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕ АЛЫНДЫ


Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай ауданымызда Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Тағзым алаңында ұйымдастырылған жиында ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың рухына тағзым жасалып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға ардагерлер, қоғам өкілдері, жастар және мекеме қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, ауған жерінде жауынгерлік борышын адал атқарған азаматтардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Сонымен қатар, елге аман оралып, бейбіт өмірде еңбек етіп жүрген интернационалист ардагерлердің қайсарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.
Шара аясында бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына естелік сыйлықтар берілді.
Аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Ерманов аудан басшылығына көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын білдірді.

15 ақпан 2026 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930