» » АУҒАН СОҒЫСЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

АУҒАН СОҒЫСЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ


Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 36 жыл толды.
Осыған орай, Ауған соғысының құрбандарын еске алуға арналған тағзым алаңында ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Жиынға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағыштады.
Тағылымды шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов сөз сөйлеп, ауған жеріндегі сұрапыл соғыстан елге аман-есен келіп, бейбіт күннің батырлары атанған олардың қаһармандыққа толы қайсар ерліктері бүгінгі жас буынға үлгі – өнеге болып қала беретінін жеткізді.
Сонымен қатар, бірқатар жауынгер ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын және ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің отбасыларына естелік сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ізгі лебізін білдірсе, аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Ерманов аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

15 ақпан 2025 ж. 159 1

Shana от 18 ақпан 2025 17:55
Женский клуб Нижневартовск в телеграм - женский клуб для вас! Обсуждаем, комментируем, делимся своими историями, обучающими материалами, хорошим настроением и новостями. Большое количество полезного: психология, мастер-классы, вопросы, ответы и многое другое. Ждём наших дорогих подписчиц в добром и светлом женском клубе. #Нижневартовск #ЖенскийклубНижневартовск #ЖенскийНижневартовск #смотретьженский #женскийинтернет #телеграм #телеграмм #telegram Подпишись, чтобы не потерять!! Женский чат бесплатно | Нижневартовск Женские группы в других городах РФ:https://t.me/addlist/C-wA2yh1jdJmZjRi

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (10379)

11 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 399
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728