Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - БОЛАШАҚҚА АМАНАТ

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - БОЛАШАҚҚА АМАНАТ


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жасампаздық пен жаңашылдық құндылығы қасиеттері негізінде Отанды сүю, қадірлеу,ерлік пен елдікке, жауапкершілікке,заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 толуына орай О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде «Тарихтан тағылым - болашаққа аманат» атты кеш өтілді.

Кешке аудан прокуроратурасының прокуроры Ә.Сәду , аудандық полиция бөлім бастығының орынбасары, полиция майоры Д.Абдугаппаров, аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері, қоғамдық бірлестік төрағасы А.Ерманов, ауған соғысының ардагері Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің АӘД пәні мұғалімі Ә.Жалмағанбетов , аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М. Әлиев аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықов қатысып жас ұрпақпен тағылымды сұхбат құрып, ел тыныштығының қадірі, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің мәні жөнінде терең ойларымен бөлісті.

Олар ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың батырлығын өнеге етіп, бүгінгі буынға отансүйгіштік пен адалдықтың биік өлшем екенін айрықша атап өтті.

«Жас сақшы» сынып оқушыларының орындауындағы патриоттық әндер мен әдеби-музыкалық композициялар кештің мазмұнын байытып, көрермен көңіліне ерекше әсер сыйлады. Кеш «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен үндесіп, жастардың тарихи жадын жаңғыртуға, әділетті де жауапты тұлға болып қалыптасуына бағытталды.Тағылымды кеш жас буынның жүрегіне ел тарихына деген құрмет сезімін ұялатып, бейбіт өмірдің бағасын терең түсінуге жол ашты.

14 ақпан 2026 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031