» » "Отты жылдар тарихы сыр шертеді"

"Отты жылдар тарихы сыр шертеді"

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен "Отты жылдар тарихы сыр шертеді" атты кездесу кеші болып өтті. Кеште "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" кітап көрмесі таныстырылды. Өткізілген кештің сценарийі Сыр елінің тумасы, "Айбын", "Құрмет", "За заслуги", "Долг и честь" ордендерінің иегері, ақын, жазушы Бақытбек Смағұлдың "Тағдыр тозағы" кітабының желісі бойынша жазылды. Кешке Ауған соғысының ардагерлері Ерманов А., Жалмағамбетов Ә., Исаханов Б., Жесіғұлов Е., Ақтаев Б., Мейірманов М., аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы капитан Тұрғанов Р., Нұр Отан партиясының Қармақшы аудандық филиалының сарапшысы Пірназарова Д., аудандық "Қармақшы таңы" газетінің қызметкері Жанәділов Н.,аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Байкөбекова Г., кітапханашылар, Агро техникалық колледжінің студенттері, Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының 2-3 курсының курсанттары Бөгенбаев М., Елібаев А., №26 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары, мұғалімдері және кітапханашылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында Бақытбек Смағұлдың "Мен көрген соғыс" кітабының желісі бойынша фильмінен үзінді көрсетілді. Келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жалындаған жас ұрпақтары №26 мектептің 8 сынып оқушылары Ауған соғысына арналған өлеңдерін жатқа айтса, 10 сынып оқушылары Әлиасқаров Н. пен Жарылқасынов Р.- дар гитарамен ән шырқады. Бұқарбаев Р. АК74 автоматын шашып, жинап көрсетті. Оқушылар Ауған соғысы ардагерлерінің қолынан алғыс хатпен марапатталды.

21 ақпан 2019 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031