» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ


Мемлекет басшысы мәдениет саласын әрдайым қолдауда, бұл бағыттағы жұмыстар ауданымызда да жүйелі жүргізілуде. Қармақшы ауданында 34 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетіп, 120 үйірме жұмыс істейді. 2025 жылы үйірмелердің қатысушылары халықаралық, республикалық және облыстық 86 байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Тұрғындардың мәдени-рухани дамуын арттыру мақсатында 2025 жылы ауданда 2 855 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевқа арналған мемориалдық белгі ашылып, мерекелік танымдық конференция өткізілді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданының ұжымдары І орынды жеңіп алды.

2025 жылы тарихи-мәдени мұраларды сақтау бағытында аудан аумағындағы 15 ескерткішке 8,8 млн теңге қаражат бөлініп, құжаттандыру жұмыстары аяқталды. Мәдениет пен спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 50,3 млн теңге қаралып, мәдениет үйлері мен спорт кешендеріне LED экрандар мен музыкалық аппаратуралар сатып алынды.

04 ақпан 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930