» » ҚАРМАҚШЫДА МӘДЕНИЕТ ПЕН МӘДЕНИ МҰРА БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

ҚАРМАҚШЫДА МӘДЕНИЕТ ПЕН МӘДЕНИ МҰРА БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА


Қармақшы ауданында мәдениет саласы бойынша бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы мәдениет саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Соның арқасында ауданымызда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Айрықша атап өтерлік жайт – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевқа арналған мемориалдық белгі орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сондай-ақ, Жеңістің 80 жылдығына орай танымдық конференция ұйымдастырылды.
Аудан өнер ұжымдары да облыс көлеміндегі мәдени байқауларда жоғары жетістіктерге жетуде. Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай өткен өнер додасында Қармақшы ауданының ұжымдары жүлделі І орын иеленді.
Халықаралық жетістіктер де аз емес. Опера әншісі, жерлесіміз Әйгерім Алтынбек әлемге әйгілі «Ла Скала» театры академиясының 12 үздік орындаушысы қатарына еніп, тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. 2025 жылы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану мақсатында аудан аумағындағы 15 ескерткішті құжаттандыру үшін аудандық бюджеттен 8,8 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда»,- деді аудан әкімі.

22 шілде 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930