» » Көшеней десем

Көшеней десем

Көшеней десем
Құйылып жанға бір сезім,
Жағамын ойдың түптегі қалған білтесін.
Сенен бір маған жетпеген сыр бар секілді,
Тереземнің келіп әйнегін күнде сүртесің.
Көшеней десем Жолына түсіп өткеннің,
Әлі де талай бел-белестерге беттермін.
Қасында тұрмын ізіңді өзің қалдырған,
Арғы беті мен бергі беті бар өткелдің.
Көшеней десем
Сәулесін көрем күннің де,
Жарығын көрем қара аспандағы түннің де.
Жетелеумен мені келеді саған бір жарық,
Тұңғиығыңнан тереңіңдегі ілдім не?
Көшеней десем Жайнайды оты жалғанның,
Көрсем ғой шыңын ондағы биік арманның.
Құлақ түремін қайтадан сол бір дауысқа,
Жаңғырығы жетіп жатқандай бейне таулардың.
Көшеней десем Түйдегі жырдың төгілер,
Аруағы қозып, киесі көпке көрінер.
Салтанаты керім көз алдыңа келіп керілер,
Сал дәурен-өмір, салтымен сәнді серілер.
Көшеней десем
Ән менен жырдың тұрағы,
Ағады-ау шіркін тұманың бастау бұлағы.
Фәни мен бақи арасын жалғап жатқандай,
Тербейді жанды сегіз пейіштің жұмағы.
Көшеней десем
Өлместің отын жаққан бір,
Елестейді бейне жұлдыздан жаһұт таққан нұр.
Көтеріп басын құлпырып сала береді-ау,
Тусырап бел мен тусырап үнсіз жатқан қыр.
Көшеней десем
Таусылмай жырда шабытым,
Бүгін де кеттім алысқа шырқап тағы тым.
Іздеп келемін Көшенейдің жырда қалдырған,
Күміспен аптап, алтыннан соққан сауытын.
Көшеней десем Бұлбұлы бақтың баптаған,
Жыр қонып қалар жеріне келіп тоқтаған.
Қойнауындағы ғасырдың жатқан бітеліп,
Бұлақтар-дағы көзін ашады ақпаған.
Көшеней десем
Тобамды айтып терең бір,
Қалықтап ұшып кетеді көкке өлең-жыр.
Өнерін елдің, ұрпағын жердің айналып,
Әруағы жырдың жебеп жүр.
Талайлы ДОСЫМОВА,
ақын
31 қаңтар 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 347
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728