» » АУЫЛ АЙНАСЫ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

АУЫЛ АЙНАСЫ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

«Ақжарымның аналары» клубының жоспарына сай «Үздіктер айнасы» кездесу кеші әйелдер кеңесінің мүшесі, жақында ғана «Үздік үйірме жетекшісі – 2025» облыстық байқауында «Қолөнер» жанры бойынша ІІІ орын алған Ақлимаш Әбілтаеваның және көпбалалы жас ана Айнұр Досмағұлованың түрлі тәтті нан көрмесін тамашалаумен басталды.
Дәстүрлі сұхбат-кеште әйелдер кеңесінің төрайымы Рая Жөнейтова аналарымыз бен ардагер әжелеріміздің 2025 жылы қол жеткізген жетістіктері жайлы көпшілікке айтып өтті.
Атап айтсақ, облыстық жәрмеңкеде «Ауылым – тұнған шежіре» тақырыбы бойынша өткен 78 жастағы Анаркүл Мапаеваның «Шатер» және «Гамак» атты тоқылған бұйымы, аудандық «Руханият» орталығында өткен «Аялы әже» форумында «Ақжарымның аналары» клубының мүшелері ұмыт болып бара жатқан «Танабау тағу» көрінісін сахналап, Алғыс хатқа ие болды.
«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы бойынша ардагерлер Қызылорда қаласындағы «Өнер» орталығына барып, «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысын тамашаласа, «Сыр-сұхбат», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!» акцияларында да жастарға үлгі болып жүрген зейнеткер-аналар екенін мақтанышпен айта аламыз.
Жылды қорытындылау сәтімізде аулымыздың өсіпөркендеуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан қыздар мен аналарға түрлі номинация тапсырылды. Олар – 83 жастағы Алмагүл Нұрпейсова «Үздік көрермен», «Батыр ана» – Бибайша Жайсаңбаева (82жас), «Батыл жүрек» – Миуакүл Жарасбаева (65 жас), «Мерейлі отбасы» – Нұрғалиев-Қаражановалар отбасы (65 жас), «Өнерлі әже» – Сара Есмаханова (62 жас), «Гүлдей нәзік, болаттай берік!» атты облыстық жұмысшы арулар фестиваліне қатысып, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Байназарова мен «Анаға тағзым» орталығының директоры А.Молжановадан Алғыс хат алған жас әже Жанат Лекерова биылғы «Үздік оқырман – 2025» номинациясын, «Үздік қоғамдық жұмысшы» – Света Балдырғанқызы, «Шебер ана» номинациясын – Жанар Есеналиева, облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсында ІІІ орын иеленіп, арнайы техникаға қол жеткізген және Абай, Шоқан, Жиенбаев, Сейфуллин көшелеріне күрделі жөндеу жүргізуге атсалысқан ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы «Үздік іскер басшы» номинациясымен марапатталса, «Жас кәсіпкер ана» – Перизат Бегежанова, «Бақытты ана» аталымы жақында ғана «Алтын алқа» иеленген Ақнұр Әділова, «Үздік аспаз» аталымы – Жазира Әбдірова, «Үздік іс-шара» иесі аталымы Ақмарал Әміралиева, «Үздік мақала» иесі аталымы Альбина Шакизада, «Ауылдың үздік мейірбикесі» аталымы Айнұр Жабағиеваға бұйырса, «Еңбекшіл ана» аталымына Гүлжайна Қуандықова, «Жылдың үздік психологы» аталымына Ақерке Айтмағанбетова, «Жылдың үздік маманы» аталымына Сағынай Бегалиевалар лайық деп танылды. Жас буындар №28 мектептің оқушылары Жанел Тоқтар «Білімді ару», Алтынай Сәбитова «Жас талант», Айсезім Хамидулла «Кішкентай жұлдыз» номинацияларын алып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Сонымен бірге «Ең таза мекеме» номинациясын ауылдық аурухана ұжымы, (Ж.Жұбандықов), «Ұйымшыл ұжым» номинациясын №7 «Шаттық» бөбекжай-бақшасы, (Г.Қуантаева), «Жылдың белсенді ұжымы» номинациясын С.Бөртебайұлы атындағы клуб ұжымы (Р.Кенжеғұлова) иеленсе, «Біздің көшенің тұрғындары» жобасына сай «Тату көрші – 2025» номинациясын зейнеткер ана Сәнімкүл Шәукенбаева бастаған Қ.Ізтелеуов атындағы көшенің тұрғындары жеңіп алды. Жеңімпаздарға ауыл әкімшілігі мен әйелдер кеңесінің арнайы дипломдары тапсырылса, «Ақжар» ШҚ (Н.Жәмитұлы) демеушілік көрсетті.
Кештің ерекшелігі – мерекелік ән-шашуды жеңімпаздардың жанұялары ұйымдастырды. Алтынай Сәбитова, Жанел Тоқтар көркемсөз оқыса, Қуатжан Амантай, Әбдуәли Мұстафа, Айсезім Жасұланқызы ән-термелер орындады. Көрермендер зейнеткер ұстаз Сара Өсерқызы мен ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызының өнеріне қол соқты.
Жылды қорытындылауға арналған бұл кеш жастарға үлгі боларлықтай әсер қалдырды. Бұл кешті түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген әртүрлі маман иелерімен бірге үйде отырған ақжаулықты зейнеткер аналарымызға да көрсетілген құрмет деп айта аламыз.
Рая ҚАЙЫРҚЫЗЫ,
клуб жетекшісі
06 қаңтар 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 182
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 830

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031