» » Жаңа жыл қарсаңындағы марапаттау және алғыс білдіру іс-шарасы

Жаңа жыл қарсаңындағы марапаттау және алғыс білдіру іс-шарасы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінде ұжым мүшелеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында бөлім басшысы жыл бойы ауданның спорт және туризм саласын дамыту жолында аянбай еңбек етіп, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарған бөлім қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстар үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлеріне жаңа жылдық сый-сияпаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ, бөліммен келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген жастар практикасы бағдарламасының қатысушылары да назардан тыс қалмай, оларға да еңбектеріне ризашылық білдіріліп, жаңа жылдық сыйлықтар ұсынылды. Бұл – жас мамандарды қолдау мен олардың кәсіби қалыптасуына көрсетілген нақты қамқорлықтың белгісі.

Аталған іс-шара ұжым ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайтып, алдағы жылға деген жаңа серпін берді. Алдағы уақытта да ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм саласын одан әрі дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын таба бермек.

Жаңа жыл барша ұжым мүшелеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне толайым табыс пен жаңа жетістіктер әкелсін!

29 желтоқсан 2025 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930