» » Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет


Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Заң және Тәртіп» қағидасын іске асыру, сондай-ақ «Қылмыссыз өңір – кемел келешек» жобалары аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде:
— Мереков Асқар Ермаханбетұлы – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы;
— Назарқұлов Есет Камалдинұлы – мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы;
— Ағаділов Серғали Мырзабекұлы – мектепішілік әкелер кеңесі төрағасының орынбасары;
— Абдуашапаров Дулатбек Жанасбекович – Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры;
— Мусаев Еркін Нәбиұлы – Қармақшы аудандық прокуратурасының аға прокуроры қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Полиция майоры Дулатбек Жанасбекович оқушыларға құқықтық жауапкершілік туралы нақты мысалдармен айтып, түнгі уақытта көшеде жүру, темекі мен вейп сияқты зиянды заттарға үйір болудың салдарын ашық түсіндірді.

Аға прокурор Еркін Нәбиұлы жасөспірімдердің болашағы заңға бағыныштылықтан басталатынын айтып, жастарды тек жақсы істерге ұмтылуға шақырды.
Мектепішілік әкелер кеңесінің мүшелері де өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналар мен мектептің тығыз байланыста жұмыс істеуінің маңызын атап өтті.

Кездесу соңында мектеп директоры Еркебаева Гүлзира Мұратбекқызы жиынды қорытындылап, барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, құқықтық мәдениетті тәрбиелеу жолында осындай кездесулердің мәні зор екенін атап өтті.

24 желтоқсан 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930