ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ
Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Әкелер Одағы» кеңесінің мүшелерімен «Әке асқартау,биік шың» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Смағұлов, Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Е.Н.Мусаев, Қармақшы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары О.Қ.Ешжанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.К.Тоқшылықова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев арнайы қатысып, іс-шара барысында пікірлерін білдірді.
Кездесу мақсаты- оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,«Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіру,«Әкелер Одағының» жұмысын жандандыру болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жыл басында«Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «Заң және тәртіп» құндылығын қоғамда кеңінен насихаттау керектігін тапсырған болатын.
Осы ретте білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес бала тәрбиесіне аса мән беріп, ұлттық құндылықтарды Отаншылдық, адалдық, адамгершілік, бірлік идеяларын ұстанатын шәкірттерді тәрбиелеу міндеті жүктелгені белгілі.
Бүгінгі іс-шарада мектеп-лицейінің оқушылары мен Әкелер қауымдастығының бірлескен жұмыстарының нәтижелері көрініс тапты.
Мысалы білім беру ұйымындағы робототехника, үйірме жұмыстары, азаматтық-әскери патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың үйлесімділігі мен нәтижелерін атап айтуға болады.
Сонымен бірге жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Әкелер қауымдастығының міндеттері мен отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайлы талқылаулар өткізілді.
Сондай-ақ «Әкелер Одағы» кеңесінің мүшелері ой-пікірлерін жеткізіп, оқушылар сахналық көрістер мен бейнероликтер көрсетіліп, балалар өнерлерін ортаға салды.
Кездесу соңында келген қонақтар өздерінің қолтаңбасын қалдыруға мүмкін беретін тақтаны таныстырып өтті. Өз кезегінде қатысқан әкелермен қонақтар естелік белгісі ретінде саналатын тақтаға ізгі тілектерін жеткізіп, көтеріңкі көңіл күймен аяқтады.