» » ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

«Руханият орталығында» ұйымдастырылған кітапхана саласының ардагері, саналы ғұмырын ұлттық руханият пен кітапхана ісінің дамуына арнаған, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гаухар Төлегенқызымен «Менің мамандығым – кітапханашы» атты тағылымы терең, мазмұны мағыналы кездесу кеші жоғары деңгейде өтті.
Бұл тағылымды басқосу – кітапханашы мамандығының қоғамдағы айрықша орнын айшықтап, руханияттың шырақшыларына көрсетілген құрметтің айғағы болды. Кітап пен білімді өмірлік мұрат еткен, парасат пен пайымның алтын қазынасын сақтаушы Гаухар Төлегенқызы – бірнеше буын оқырманға рухани азық берген абзал жан. Ол Қазақ қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған соң, еңбек жолын еліміздің рухани ордасы саналатын Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханадан бастады. Осы бір қасиетті шаңырақта алған тәжірибесі мен кәсіби білігін өмірлік ұстанымына айналдырған ол кейінгі жылдары аудандық кітапхана саласында табанды еңбек етті. Әр жылдары кітапханашы, библиограф, әдіскер, әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі, аудандық кітапхананың директоры сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, кітапхана ісінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Кештің ашылуы салтанатында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Бөгенбайқызы сөз сөйлеп, Гаухар Төлегенқызының саладағы қажырлы еңбегін, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби біліктілігін ерекше атап өтті. Осы орайда ардақты апайымыз қазақстандық Кітапханалық одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталып, көпшілік қошеметіне бөленді.
Кеш барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастауыш кәсіподақ төрайымы Ләйлә Әбдіқалиқызы да сөз алып, сала ардагеріне кәсіподақ атынан сый-сияпат табыстап, ізгі тілегін білдірді. Жылы лебіздер мен шынайы алғыстар кештің мазмұнын одан әрі байыта түсті.
Тағылымды жиын кітапханашы қыздарымыздың әсем ән-шашуымен жалғасын тауып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Кеш қонақтары қатарында оның құрдастары, достары әрі әріптестері де болып, естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебізін арнады. Олар Гаухар Төлегенқызының адамгершілік болмысы, әріптестеріне деген қамқорлығы мен жастарға көрсеткен өнегесі туралы жылы пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ оны әрдайым қолдап, демеп жүретін бауыры – ардагер ұстаз, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының және Әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы да сөз сөйлеп, кешті ұйымдастырған ұжымға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Кеш соңында Гаухар Төлегенқызы әріптестеріне шынайы алғысын жеткізіп, кітапханашы мамандығына деген сүйіспеншілігін, оқырманға қызмет етудің мәртебелі міндет екенін ерекше атап өтті. Тағылымды шара Бағия Сармолдинаның орындауында Баянғали Әлімжановтың «Кітапханашы» әнімен қорытындыланып, руханиятқа толы кеш көрермен көңілінде жылы әсер қалдырды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 желтоқсан 2025 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 110
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 765

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031