» » КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Кітапханашылар – ел мәдениетінің, білім мен парасаттың - қашан да алдыңғы қатарында. Бұл күн – сол еңбектің бағаланатын, құрмет көрсетілетін ерекше сәті. Осы ұстаным аясында 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің қабылдауымен «Руханият» орталығында сала мамандарына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Аудан әкімі өз сөзінде:

«Кітапхана – руханияттың темірқазығы. Қоғамның дамуы мен рухани өрлеудің берік тірегі саналатын кітапхананың орны – қашан да ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда: “Кітапхананы дамыту – ұлтты дамыту” деп атап өткендей, бұл сала – мәдениет пен ағартушылықтың іргетасы», – деп кітапхана ісінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Салтанатты шара аясында аймақ басшысының қолдауымен 2024 жылы бой көтерген «Руханият» орталығының ашылуы ерекше атап өтілді. Аудандық кітапхананың жаңа ғимаратқа көшуі – кітапханашылар қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Мерекелік жиын барысында кітапхана саласының ардагері Зина Шаханова «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, сонымен қатар саладағы үздік қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.

Сондай-ақ, марапат иелеріне аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Зина Шаханова құттықтау сөздерін жеткізіп, кітапхананың жас ұрпаққа тәлім мен тәрбие берудегі ерекше рөліне тоқталды.

Бүгінде Қармақшы ауданында 18 кітапхана жұмыс істеп тұр. Бұл рухани ошақтар — 437 мыңнан астам кітап қорымен 19 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетіп келеді.
Осындай шаралар — рухани құндылықты насихаттаудың, сала қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың нақты көрінісі.

22 қазан 2025 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031