» » ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы ұлтымыздың ұлық мерекесі - Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік шара өткізді. Шараға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ділмұхаммед Әбизов, облыстық Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұзақбай Оразгелдіұлы және мемлекеттік қызметтер жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагерлері қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала қызметкерлері мен ардагерлер марапатталды. Атап айтқанда, 65 қызметкерге халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толуына орай арнайы мерейтойлық медальдар табысталса, 12 қызметкер мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Шоқанұлы Кенжеғалиевтің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, басқа да қызметкерлерге облыс және қала әкімінің және "Amanat" партиясының төрағасының алғыс хаттары табысталды. Осылайша айтулы мереке қарасаңында жалпы барлығы 80 адам құрмет төрінен көрінді.

Мерекелік шарада облыстық филиал директоры Аида Әбибуллаева өз сөзінде қызметкерлердің кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегінің арқасында мемлекеттік қызметтер жүйесі қол жетімді және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, дәйекті түрде дамып келе жатқанын ерекше атап өтіп, барша ұжымдастарына абыройлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты шара аймағымыздың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.
18 желтоқсан 2025 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930