» » КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

Байқоңыр қаласының мәдениет үйінде 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Шарада облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Тимур Вербицкий барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ Қайрат Нұртай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталған, ұрпақ тәрбиесінде үлгі болып отырған алтын құрсақты аналарға мемлекеттік награданы салтанатты түрде табыстады.
Бұдан бөлек, бірқатар сала үздіктеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Алғыс хаттары» табысталды.
Арнайы Конституция күнімен құттықтап, мерекелік шараға Қызылорда облыстық филармония әртістері келіп өнер көрсетті.
Салтанатты шара, қала тұрғындарына ерекше көніл – күй сыйлайтын концертпен жалғасты.
30 тамыз 2025 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031