» » МАҢДАЙ ТЕРМЕН МЕРЕЙІ АРТҚАН АРУЛАР

МАҢДАЙ ТЕРМЕН МЕРЕЙІ АРТҚАН АРУЛАР

Облыста «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Еңбегі жанған арулар» атты тағылымды шара өтті. Бұл игілікті бастама облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен облыстық іскер әйелдер қауымдастығының бірлесуімен жүзеге асты.
Жиынның басты мақсаты – қоғам дамуына үнсіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының маңдай терін бағалау, олардың қоғамдағы орны мен еңбегінің маңызын айқындау. Кезінде ел өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан асыл аналардың сара жолын жалғап, бүгінгі күнде түрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген арулар қатары көбейіп келеді.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет еңбек озаттарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстап, олардың ел дамуына қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.
Іс-шара аясында делегаттар жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Отбасы орталығы, «Сыр жұлдыздары» академиясы, «Қызылорда нан» зауыты, облыстық музей, теннис орталығы мен жаңа стадион қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Аталған форумға аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылары, әйелдер кеңесінің төрайымдары мен еңбек адамдары қатысты. Шара барысында ауданымыздағы аграрлытехникалық колледждің «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері, «Электр монтері» біліктілігі иегері Аманкүл Қартаңбаева облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аманкүл Көшекбайқызы – Иіркөл ауылының тумасы. Ол 1999 жылы Қызылорда политехникалық колледжін «техник-электрик» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын аудандық электр тарату торабынан бастаған. Көпбалалы ана бола жүріп, кейін аудандық аграрлытехникалық колледжіне шақыртумен келіп, электрик мамандығы бойынша оқытушы, бүгінде электр жабдықтары мамандығының өндірістік оқыту шебері ретінде абыроймен қызмет етіп жүр.
– Бүгінгі таңда менің шәкірттерім электромонтер мамандығы бойынша түрлі мекемелерде еңбек етіп жүр. Облыстық электромонтаждаушылар байқауларында студенттерім жүлделі орындарға ие болып келеді. Осындай еңбек адамын бағалаған форумды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді марапат иесі.
Ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамын дәріптеген бұл форум көпшіліктің көңілінен шығып, әйелдер еңбегінің қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті.
Жиынға сондай-ақ аудан делегациясынан аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Досбол Дүйсембеков қатысты.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
17 желтоқсан 2025 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031