» » Есімі елге белгілі арулар - мәңгі ел гүлі

Есімі елге белгілі арулар - мәңгі ел гүлі


Қармақшы аудандық "Аманат" партиясының, Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің, "Жаңажол" ЖШС-нің қолдауымен, клуб үйінің ұйымдастыруымен 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына орай Қармақшы ауданының Руханият орталығында "Есімі елге белгілі арулар- мәңгі ел гүлі" атты жұмысшы аналармен кездесу өткізілді.
Кездесу кешіне "Аманат" партиясының өкілі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, әйелдер кеңесінің төрайымдары, іскер әйелдер, түрлі салада еңбек еткен жұмысшы әйелдер қатысты.
Шара барысында ауыл аналарының Руханият орталығына тартуы ретінде шашу, тойбастар әнімен бастау алып, орталық музейден қонақтарды күтіп алып, руханият орталығының жұмысымен танысқан соң мәжіліс залында мәдени шара жалғасын тапты.
Тағылымды тарихта есімдері алтын әріппен жазылған Тұмар ханым, Домалақ ана, Бопай, Зередей аналарымыздың өнегесін өн бойына жинап, бақытын еңбектен тапқан Еңбек ері Сәлимадай аналардың ізін жалғаған бүгінгі тракторшы аналарымыз Әбішева Бибігүл, Шайкенова Жақсылық, Жақыпова Алтынкүл, Жұбанова Гүлзада, Қошанова Малике, Рүстемова Тынымкүл, Байсейітова Күләнда аналарымыздың өмірі мен еңбек еткен жылдарына тоқталып өтті.
Қармақшы аудандық "Аманат" партиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы, Жаңажол ЖШС директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы тракторшы аналарды құттықтап, марапаттады.
Кездесу шарасы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Шара соңында Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, ІІІ-ІІ дәрежелі Еңбек даңқ орденінің иегері Әбішева Бибігүл анамыз ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

17 сәуір 2025 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031