» » ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР

ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен еңбек адамдарына құрмет көрсетуге арналған «Еңбегі жанған арулар» атты тағылымды шара өтті.

Шараның басты мақсаты – қоғамда адал еңбектің қадір-қасиетін арттырып, жұмысшы мамандық иелеріне деген құрметті нығайту. Қазақ елінің тарихында елге адал қызмет етіп, еңбегімен үлгі болған қайсар да еңбекқор әйелдер аз емес. Бүгінгі шара – сол асыл жандарға көрсетілген шынайы тағзым.

Тағылымды кездесуге облыс әкімінің орынбасары Шермағамбет Мейрамбек Зинабдинұлы қатысып, еңбек адамдарына облыс әкімінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Аталған шараға Қармақшы ауданынан Қартаңбаева Аманкүл Көшекбайқызы қатысты. Ол – электр энергетикасы саласында табанды еңбек етіп келе жатқан білікті маман.
Аманкүл Көшекбайқызы 1979 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. №106 қазақ орта мектебін үздік аяқтап, Қызылорда политехникалық колледжінде «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығын меңгеріп, «техник-электрик» біліктілігін алған.
Еңбек жолында «Қармақшы электр тарату торабы» мекемесінде контролер болып қызмет атқарып, 2009 жылдан бері Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері ретінде жас мамандарды тәрбиелеп келеді.

Шара аясында делегаттар Қызылорда қаласындағы бірқатар жаңа нысандарды аралап, өңірдің дамуымен танысты. Атап айтқанда, Отбасы орталығы, «Сыр жұлдыздары» академиясы, «Қызылорда нан» зауыты, облыстық өлкетану музейі, теннис орталығы, жаңа стадион сынды нысандардың жұмысы көрсетілді.

16 желтоқсан 2025 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031