» » АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қармақшы ауданында білім беру саласын дамыту мен балаларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар үнемі назарда. Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар білім беру мекемелеріне барып, олардың атқарылып жатқан жұмыстарын көрді.

Алдымен аудан басшысы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына барды. Бүгінде бұл мекемеде 70-тен аса бала тәрбиеленуде. Аудан әкімі балабақшаның жай-күйін толық қарап, тәрбиешілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ерекше назарда екенін атап өтті.

Бұдан кейін Жандос Еркінбек жаңа ғимаратқа көшірілген аудандық оқушылар үйінің жұмысымен танысты. Қазіргі таңда қосымша білім беру орталығында әртүрлі бағыт бойынша ашылған 27 үйірмеде 976 оқушы білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді. Аудан әкімі бірнеше үйірменің оқу барысын көріп, оқушылардың жетістіктерімен танысып, бұл бағыттағы жұмыстарға оң бағасын берді.

Жандос Еркінбек білім беру мекемелерінде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 желтоқсан 2025 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930