» » ҚАРМАҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

ҚАРМАҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауылдық округінің халқымен кездесу өткізіп, биыл жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді. Ауылда инфрақұрылым, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар аяқталып, жаңа бастамалар қолға алынуда.

Қызылорда облысында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Үлгілі елді мекен» конкурсында Қармақшы ауылы өткен жылы 15 млн теңге жеңіп алған болатын. Осы қаражат есебінен ауылдың орталық алаңы толық абаттандырылып, жұмыстар толық аяқталды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қармақшы ауылдық округінде 4 шақырымдық жасыл белдеу қоршалып, 800 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар ауылдың жасыл келбетін арттыруға үлес қосып отыр.

Елді мекенде мал шаруашылығын дамыту бағытында маңызды жұмыс жасалып отыр. Қараөзек арнасындағы «Қожатай» су тоспасы бөгелуде. Бұл жұмыс нәтижесінде Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2 және өзге де көлдерге су жеткізу мүмкіндігі артып, аймақта қолайлы экологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жиын барысында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, тұрғын үй мәселесі, жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында көтерілген сұрақтарды тыңдап, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 желтоқсан 2025 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930