» » «Қожатай» су тоспасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

«Қожатай» су тоспасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді


Қармақшы ауданы, «Қараөзек» арнасы бойында орналасқан мал және балық шаруашылығын дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысан «Қожатай» су тоспасы бөгеті бұзылған болатын.

Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аталмыш су тоспасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Су тоспасы іске қосылғасын Қарөзек аумағындағы 3,0 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер суландырылып, Қарөзек арнасындағы су деңгейін реттеу арқылы Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2, т.б ондаған көлдерді сумен толтырып, балық шаруашылығын өркендетуге қол жеткізіледі және қолайлы экологиялық жағдай қалыптасады.

03 сәуір 2024 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031