» » Аудан әкімі Қараөзек бойындағы "Қожантай" су тоспасында болды

Аудан әкімі Қараөзек бойындағы "Қожантай" су тоспасында болды

Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Қармақшы ауылына қарасты Караөзек арнасы бойында орналасқан «Қожантай» су тоспасының толықтай жағдайымен танысты.
Қазіргі таңда Қараөзек аумағында ірілі-ұсақты 30 шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарының пайдалануында 27,0 мың гектар жер бар. Бұл қожалықтар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.
Сонымен қатар, Қараөзек арнасы бойы мал және балық шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысан болып табылады.
Былтырғы жылы ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген «Қожантай» су тоспасы бүгінгі күнде арнасынан асып, су деңгейінің көтерілуінен жағалаудағы жайылымды жерлерді су басу қаупі туындауда.
Осы ретте аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы «Қожантай» су тоспасына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарын жан-жақты нақтылады.
Қараөзек арнасындағы су деңгейін реттеу арқылы қажетті уақытында аймақта орналасқан Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2, т.б ондаған көлдерді сумен толтырып, балық шаруашылығын өркендетуге қол жеткізіледі және қолайлы экологиялық жағдай қайта қалыптасатын болады.

24 қыркүйек 2022 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930