» » Құрылысы қарқын алған «Қожантай»

Құрылысы қарқын алған «Қожантай»


Қармақшы ауданы әкімінің бастамасымен көптен күткен «Қожантай» су тоспасына жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жүргізуде.
Бүгін аталған жұмысты бақылау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркусаев Қараөзек арнасы бойында орналасқан «Қожантай» су тоспасының жұмысымен танысты.

Қараөзек арнасы бойында орналасқан «Қожантай» су тоспасы өңірде мал және балық шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысан болып табылады.
Қараөзек аумағында ірілі-ұсақты 27 шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарының пайдалануында 27,0 мың гектар жер бар. Бұл қожалықтар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Жөндеу жұмыстары аяқталса мал басы көбейіп, балық шаруашылығы да дамиды. Қараөзек арнасындағы су деңгейін реттеу арқылы қажетті уақытында аймақта орналасқан Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2, т.б ондаған көлдерді сумен толтырып, балық шаруашылығын өркендетуге қол жеткізіледі және қолайлы экологиялық жағдай қалыптасатын болады.

02 қазан 2021 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930