» » «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАМАСЫ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАМАСЫ


Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Қазақстан балалары» бағдарламасы-жарқын болашақтың бастамасы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полицияның қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы Махамбетова Гулнұр Дүйсенбекқызы, Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полицияның Ювеналды полиция тобының мектепке бекітілген инспекторы Ғалым Жұбатыр, ювеналды полиция тобының полиция лейтенанты Еспанов Қайрат, Қармақшы аудандық білім бөлімінің Кәсіподақ комитетінің төрайымы Есханова Ләззат Серікбайқызы, «Жастар денсаулық орталығының» қызметкері Кетебаева Амина Тахирқызы, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Пірназаров Нұржұман Пірназарұлы арнайы қатысты.

Кездесудің мақсаты-жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, тұрмыстық, отбасылық зорлық- зомбылықтан қорғау, буллинг, кибербуллингпен күрес, еліміздегі балалардың болашағының жарқын болуы аясында бағдарламаның қабылдануын насихаттау болып табылады.

Сондай-ақ «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы жастар қоғамдық ұйымдарының ұсыныстарын қолдауды, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстарды күшейту бағытында болды.

Кездесу барысында №105 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақов жүргізіп, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, сұхбат өткізілді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың IV Ұлттық Құрылтайдағы берілген тапсырмаларына тоқталып, «Қазақстан Балалары» бағдарламасының маңызды құжат екенін атап айтып өтті.

Сонымен бірге биология пәні мұғалімі Бухарбаева Үміт зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы айтып түсіндіріп өтті.

Кездесуде 6 «Ә» сынып, 9-10 сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жастар қоғамдық ұйымының өкілдері құқық бұзушылықтың, тұрмыстық әйелдер мен қыздарға байланысты зорлық- зомбылықтың болдырмау, буллинг пен кибербуллингпен күрес бағытындағы жұмыстарға тоқталып, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде сөз алған аудандық білім бөлімінің Кәсіподақ комитетінің төрайымы Есханова Ләззат Серікбайқызы құқық бұзушылықтың алдын алуда оқушылар мен жасөспірімдер арасында бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жайлы ой-пікірін айтып өтті.

Жиын соңында мектепішілік кәсіподақ комитетінің төрайымы 6 «Ә» сынып жетекшісі Құттыбаева Нұргүл қатысушылармер кері байланыс жасап, оқушылар өздерінің ой-пікірлерін жеткізді.

08 желтоқсан 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 052
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031