» » АУДАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ


Ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды түрде жүргізіліп, бүгінде кент және ауылдық округтерде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүзеге асырылып отыр. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында осы жұмыстардың қорытындысы жасалып, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Қабылдауда аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, шарада белсенділік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.

«Әрбір мекеме, әрбір бөлім және ауылдық округтің қызметкерлері үлкен ынтымақтастық танытып, ауданымыздың кез келген іс-шарасын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосты. Тазалықпен қатар, пайдалануға берілетін нысандарды жаңғырту жұмыстары да сапалы орындалды. Осындай бірлік пен жауапкершілік – біздің басты күшіміз», – деп атап өтті.

Шара барысында ауданның абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысқан бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов құттықтау лебіздерін білдірді.

Шарада аудан әкімі бірлесе еңбек еткенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізілетінін атап өтіп, қызметкерлерге денсаулық, отбасылық амандық және жұмыстарына табыс тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 қараша 2025 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930