» » «ЖЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ»

«ЖЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ»

Елімізде 15 қараша – Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні ретінде аталады. Атаулы мерекеде саланың қызметкерлеріне құрмет-қошемет көрсетумен қатар, жұмыс барысының қорытындысы шығарылып, үздіктер анықталады. Осындай игі шара жақында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұйымдастырылып, онда С.Мұстафаев атындағы «Жыл қызметкері» және 2025 жылдың ІІІ тоқсаны қорытындысымен «Үздік қызметкер» номинациясы бойынша озаттар іріктелді. Нәтижесінде С.Мұстафаев атындағы «Жыл қызметкері» номинациясын Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов жеңіп алып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Д.Жамбылұлы 1977 жылы Жосалы кеңшарында дүниеге келген. 1984 жылы №111 қазақ орта мектебіне барып, ата-анасының қызмет бабымен аудан орталығы – Жосалы кентіндегі №27 орта мектепке ауысса, одан соң «Октябрь» әскери кеңшарындағы №106 қазақ орта мектебін бітіріп шыққан.
1994 жылы Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінің «Экономика және бизнес» факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы «Экономист-менеджер» мамандығын алып шығады. Ал 2007- 2009 жылдар аралығында әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Құқықтану» мамандығын үздікке бітіреді.
Жас маманның еңбек жолы 1999-2004 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің Қармақшы ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, жетекші маман, 2004- 2007 жылдары «Салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау, өңдеу» бөлімінің бастығы, одан соң «Салық аудиті» бөлімінің бастығы, 2010-2017 жылдар аралығында Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Осы жылдар аралығында Данияр Жамбылұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азамат ретінде танылды. Лауазымдық міндеттерін орындауда жаңа креативтік тың идеялар ұсынып, салық базасын ұлғайтуда қосымша резерв көздерін табуға атсалысуда.
Қызметін сапалы орындауға, өз міндеттерін орындауда қызметкерлердің кемшіліктер мен қателіктерге бой алдырмауына аса көңіл бөледі. Одан бөлек, ұжымның қоғамдық жұмыстарға, спорттық іс-шараларға белсене араласуына септігін тигізсе, саладағы маңызды да күрделі деген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындалуын назардан тыс қалдырмайды. Ол «Ұжымда беделді, қызметтестері арасында сыйлы, қай кезде де ұтымды шешімдер қабылдай білетін білікті басшы, шебер ұйымдастырушы. Шәкірттері облысымыздың түрлі саласында қызметтер атқарып жүр» дейді әріптестері ол жайында.
Д.Қосбергеновтің еңбегі еленіп, бірқатар марапатқа ие болған. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне – 100 жыл» естелік төсбелгісімен, «Қармақшы ауданының құрылғанына – 95 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне – 10 жыл» төсбелгісімен марапатталса, сондай-ақ «Жыл үздігі – 2022» жыл қорытындысымен ауданның «Жылдың үздік қаржы саласының қызметкері» номинациясы тапсырылған.
– Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының осы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет бойынша бекітілген жоспары 3 095 856,0 теңге болса, 1 қазандағы түсім бойынша 3 468 528,0 мың теңгені құрап, жоспар 372,672,0 мың теңгеге немесе 112 пайызға орындалуы қамтамасыз етілді. Ал өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет 500 734,3 мың теңгеге артық орындалып, өсім қарқыны 116,9 пайызды құрады. Оның ішінде жергілікті бюджеттің жоспары 2 181 596,0 мың теңге болса, түсімі 2 670 565,5 мың теңгені құрап, жоспар 488 969,5 мың теңгеге артық немесе 122,4 пайызға орындалса, түсім қарқыны 113,3 пайызға орындалды. Яғни, түсімнің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 313 152,5 мың теңгеге артық жиналуы қамтамасыз етілді. Басқарма тарапынан жыл басынан бері салық базасын ұғайту, бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестіру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Нәтижесімен 2025 жылдың 9 айына 438, 167,7 мың теңге қосымша түсім түсірілді. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 162 387,6 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша 275 780,1 мың теңгеге қосымша резерв түсуі қамтамасыз етілді, – дейді Д.Жамбылұлы қол жеткен табыспен бөлісіп.
Данияр ұжымда сыйлы басшы болса, отбасында балаларының сүйікті әкесі, адал жар. Бүгінде жары Майра Әбдірахмановамен бірге 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған бақытты жандар. Нұрай мен Айдана Астана Медицина университетінің «Жалпы медицина» факультетінің, ал Дінмұхаммед С.Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің «Құқықтану» факультетінің студенттері. Данаби Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің 7-сыныбында білім алып жүрсе, Дінислам балабақшаға барады.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
18 қараша 2025 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 589

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930