» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың өкімімен Ержанов Дәурен Дауылбекұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың 04 желтоқсанынан айынан бастап «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымымен көзделген міндеттерді уақытша атқаруға міндетті арнайы тексеруден өткені туралы нәтижелерді алған күніне дейін еңбек шарты негізінде қызметіне қабылданды.
Ержанов Дәурен Дауылбекұлы 1984 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Қызылорда «Сейхун» академиясын «Тарих, құқық және экономика негіздері» пәнінің мұғалімі бойынша жоғары білім алған.
Алғаш еңбек жолын 2006 жылы Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте бастаған.
2006-2008 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің қызметкері;
2009-2015 жылдары Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейі филиалы – Қорқыт Ата музейінің ғылыми қызметкері;
2015 – 2019 жылдары Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық тарихи – өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;
2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Қармақшы аудандық тарихи – өлкетану мұражайы» филиалының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келді.
04 желтоқсан 2020 ж. 1 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930