Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қаржыгерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған қабылдау өтті. Іс-шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов ашып, қаржы саласы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

Шыңғыс Әбділәмитұлы өз сөзінде ұлттық валюта – Теңгенің айналымға енгізілгеніне 32 жыл толғанын атап өтіп, осы жылдар ішінде ел экономикасын дамытуда қаржы саласының айрықша рөл атқарғанын айтты.

Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикасы мен бюджеттік көрсеткіштеріндегі оң динамикаға тоқталды. Атап айтқанда, аудан бюджеті 2025 жылға 21 млрд 537 млн теңгені құрап, 2024 жылғы бекітілген жоспарға қарағанда 6 млрд 918 млн теңгеге артты. Бұл көрсеткіштер аудан экономикасының тұрақты дамуын көрсетіп, жол салу, абаттандыру, жарықтандыру секілді бірқатар ауқымды жобалардың жүзеге асуына негіз болып отыр.

Шара барысында еңбек ардагерлері мен қаржы саласының үздік қызметкерлері облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, олардың сала дамуына қосқан еңбектері ерекше аталды.

Сонымен қатар қабылдауда аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қаржы саласының ардагері Айтбай Бұғыбаев құттықтау сөздерін жеткізді.

Іс-шара соңында қаржы саласының мамандарына алдағы уақытта да өз тәжірибелерін ел игілігі үшін жұмсауына сенім білдіріп, зор денсаулық және отбасылық амандық тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 қараша 2025 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031