» » «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

«РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА


Аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов жұмыс сапары барысында «Руханият» орталығының қызметін бақылап, орталықтың қазіргі мүмкіндіктерін тексерді.

«Руханият жылы» аясында салынған бұл кешенде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер үйі және аналарға арналған арнайы бірлестіктер орналасқан. Қазіргі таңда орталық аудан тұрғындары мен қонақтарына кең көлемде мәдени, танымдық және қоғамдық бағытта қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік ықшам ауданында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. Аталған аумақта әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған 2 пәтерлі 50 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қазіргі талаптарға сай салынып жатыр.

Шыңғыс Әбділәмитұлы құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, жауапты мердігерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жұмыс сапары барысында алдағы уақытта аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар тұрақты назарда болатындығы айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 қараша 2025 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 967
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930