» » «Үздік әдіскер-2025» байқауы өткізілді

«Үздік әдіскер-2025» байқауы өткізілді


Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығымен бірлесіп, мәдениет үйлері мен клубтарының әдіскерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби білікті мамандарды анықтау мақсатында «Үздік әдіскер-2025» байқауы өткізілді.

Байқауға Қызылорда облысы мен аудандардан барлығы 8 талапкер қатысып, үш кезең бойынша өзара бақ сынасты.

Қазылар алқасының құрамында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының бас режиссері Бұрханова Орынкүл Балтабайқызы, аталған орталықтың мониторинг, талдау және әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Кенжетаева Зина Файызханқызы, сондай-ақ Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айтов Берік Нұрланұлы болды.

Қазылар алқасының шешімімен:
• Бас жүлде – Қошқаров Аслан Болатұлы (Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы),
• І орын – Ерболатқызы Перизат (Төребай би ауылы),
• ІІ орын – Аймағамбетова Жаңагүл Жақсыбайқызы (Арал ауданы),
• ІІІ орын – Құлғазиева Ғалия (Жалағаш ауданы, Таң ауылы) иеленді.

Барлық қатысушылар Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

13 қараша 2025 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031