» » АУДАНДА САЛА ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДА САЛА ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ


Бүгін Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде облыс және аудан деңгейінде сала озаттарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

Алдымен шараға қатысушылар облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен «Тарихы терең, бірлігі бекем Сыр елі!» атты облыстық марапаттау рәсіміне ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылып, облыс көлемінде еңбек озаттары марапатталды.

Облыстық іс-шарадан кейін аудан бойынша марапаттау рәсімі жалғасын тапты. Аудан әкімі Жандос Еркінбек сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектері мен үлестері үшін алғысын білдірді.

-Баршаңызға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының зор ризашылығын, алғысын жеткіземін. Алдағы уақытта да Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатын артуына аянбай еңбек ете бергейсіздер! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге биік абырой, Өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!,- деді өз құттықтауында.

Шара барысында облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сондай-ақ мерейлі мереке иелеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты жиын аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

11 қараша 2025 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930