» » ҚҰРМЕТ ҺӘМ АБЫРОЙ: ЕР ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ

ҚҰРМЕТ ҺӘМ АБЫРОЙ: ЕР ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ

Күз – береке мен молшылық айы. Бұл мезгілде тойланатын мереке де көп. Тұғырлы тәуелсіздігіміз бен айбарлы азаттығымызды әлемге айшықтаған ұлттық мереке – Республика күнін қасиетті Қармақшы елі жарқын жаңалығымен, берекелі бірлігімен, ырыс тайқазанын тасытқан молшылығымен қарсы алуда.
Аудан диқандары биылғы жылы 13 270 гектар жерге егін егіп, ел қоймасына 79 620 тонна астық құйылды. Дала еңбеккерлері ел несібесін еселеу жолында аянбай еңбек етті. Осыған орай ауданда бейсенбі күні Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов арнайы қатысып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан аудан халқын береке мен молшылық мерекесімен құттықтады.
– Баршаңызды ұлттық мереке Республика күнімен құттықтаймын. Бұл бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын халқымыздың рухын көтеретін ұлық мереке. Салтанатты шара елордамыздан бастау алып біздің өңірімізде де жалғасын табуда. Облыс орталығында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев барша аймақ тұрғындарын құттықтап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік награда табыстады.
Бүгінде облысымыз әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан тұрақты өсім қарқынын көрсетуде. Экономиканың негізгі салаларында оң өсім бар. Мемлекет қолдауының арқасында аймағымыздың аграрлық саласы қарқынды дамып келеді. Оған Қармақшы ауданының диқандары зор үлесін қосып, аудан биыл егін шаруашылығы бойынша «Озат аудан» атанды. Осыған орай облыс әкімі де өз алғысын жеткізуде, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Келесі кезекте аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз алып, аудан жұртшылығын қатар келген қос қуанышпен құттықтады. Мұнан соң табысқа жеткен озаттарға облыс әкімінің құрмет грамотасы, облыс әкімі мен «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Жиын барысында аудан бойынша биылғы науқанда еселі еңбегімен табысқа жеткен еңбек майталмандарына құрмет көрсетіліп, су жаңа автокөлік пен бағалы сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар аудан тұрғындарына арнап орталық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік ән-шашу өтті.
26 қазан 2024 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 647

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031