» » Ұлттық мереке елдіктің биік байрағын желбіретеді

Ұлттық мереке елдіктің биік байрағын желбіретеді

Ұлытау төріндегі Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күні мәртебесін қайтаруды ұсынды. Елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы бар елде егемендік мерекесін Ұлттық мереке ретінде атап өтудің маңызы айрықша. Сыр елінде Ұлттық мереке аясында өтетін іс-шаралармен халықты ақпараттандыру мақсатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді.
-Облыс көлемінде Ұлттық мереке аясында 1000-ға жуық шара ұйымдастырылады. Бұл күні әрбір азамат мемлекеттің дамуы мен Қазақстанның қалыптасуына қосқан жеке үлесінің маңыздылығын сезінуі тиіс. Аймақтың басты мерекелік салтанатты шарасы 22 қазан күні Н.Бекежанов атындағы қазақ-музыкалық академиялық драма театрында өтеді. Ел игілігі жолында бірқатар әлеуметтік жаңа нысандар ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, келісім мен бірлікті насихаттайтын, мәдени-бұқаралық, қайырымдылық, экологиялық бағыттағы іс-шаралар да мерекенің маңызын айшықтай түспек, - деді Н.Сақтағанов.
Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ. Жалпы, мерекелік іс-шаралар азаматтардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етуге тиіс.


18 қазан 2022 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30