» » Елдің бірлігін бекемдеп, рухын көтерген мереке

Елдің бірлігін бекемдеп, рухын көтерген мереке


Республика күні қарсаңында Байқоңыр қаласындағы үш көшеге ұлт рухын асқақтатқан ұлылардың есімі берілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық академиялық драма театрында өткен ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шарада хабарлады.

«Республика күні – бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын ең ұлық мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылы қайта жаңғырған Республика күнінде: «Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат», – деп атап өткен болатын.
Мереке қарсаңында атаулы күннің саяси мәнін айшықтайтын ауқымды жұмыстар жасалды. Енді Байқоңыр қаласындағы Авиационный көшесі даңқты әскери қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының, Гостиничный проезд көшесі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың, Внутриквартальный проезд көшесі қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың атымен аталады. Баршаңызды жағымды жаңалықпен құттықтаймын», – деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Машбекұлы күні кеше елорда төрінде өткен салтанатты жиында еліміздегі ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған «Таң» шаруа қожалығының төрағасы Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлын құттықтады. Бұл марапаттың бір азаматқа ғана емес, аймақтағы барша еңбек адамдарына, Сыр еліндегі жасампаз істерге берілген жоғары баға екенін атап өтті.

Жиында Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев пен «Парасат» орденімен наградталған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов жерлестерін Республика күнімен құттықтады.

Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік орден, медаль және Қазақстан Халқы Ассамблеясының марапаттары табысталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, Республика күнін атап өту аясында өңірде маңызды, мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін Қызылорда қаласының Рәміздер алаңында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті, күні кеше облыс орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 900 орындық білім ошағының, жаңа жылу электр орталығының іргетасы қаланды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

25 қазан 2023 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031