» » САЛА БАСШЫСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

САЛА БАСШЫСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті. Отырыста аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тлеухан Халитұлының басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған қызметінің қорытындысын атап өтті.
Тлеухан Халитұлы қызмет атқарған кезеңдерінде ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына үлес қосқан бірқатар маңызды жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі табиғи газға қосылып, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал және Ақай елді мекендерінде денешынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Көмекбаев, Жаңажол және Иіркөл ауылдарында электр желілерінің құрылысы жүргізілді.
Өткен жылы Жосалы кентінде 156 пәтер пайдалануға берілсе, осы жылы 50 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы Тлеухан Халитұлына ауданның дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
– Сіздің еңбегіңіз ауданның құрылыс саласын дамытуда ерекше із қалдырды. Алдағы уақыттарда да еліміздің даму жолында аянбай еңбек ететініңізге сенімім мол, – деді.
Жиын соңында сала басшысына Қармақшы ауданының жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды. Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, жылы лебізін білдірді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
05 қараша 2025 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031